Біліктілікті арттыру
Медиа сауаттылық пен цифрлық мәдениет призмасы арқылы тілдерді (қазақ, орыс, ағылшын) оқыту (72 сағат)
(AP19680048 ғылыми жобасы аясында – «Қазақстандық жастар арасында олардың әлеуметтенуі мен мәдениетаралық өзара іс-қимылының негізгі факторы ретінде медиасауаттылықты қалыптастыру мақсатында тілдік және медиа білімді біріктірудің әдістемесі»)
Бағдарлама заманауи цифрлық дәуірде тілдерді оқытудың дағдыларын дамытуға, медиа сауаттылыққа, инновациялық әдістерді қолдануға және тұрақты дамуға бағытталған. Білім беруді цифрландыру мен ақпарат ағынының ұлғаюы жағдайында мұғалімдерге медиа мәтіндерді сыни талдау, оқытуда цифрлық құралдарды пайдалану және білім алушыларда жалған ақпаратқа қарсы тұру дағдыларын қалыптастыру аса маңызды. Бұл білім сапасын арттыруға, сыни ойлау мен студенттердің медиа сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді және ақпараттық тұрақты қоғам құруға тікелей ықпал етеді.
Құжаттарды жүктеу